«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

56 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Санитарлық талап

Облыстың  бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қабылдаған қаулы талаптарын орындамайтындардың қатары азаймай тұр.

Мобильді топтар мен  жергілікті полиция қызметкерлері жүргізген бақылау нәтижесінде кәсіпкерлік нысандарына  504 айыппұл  салынған. Айыппұл көлемі 56 миллион теңгеден асады. Оның ішінде кәсіпкерлердің жұмыс уақытын бұзу фактілері, бетперде кию тәртібін бұзу, әлеуметтік дистанцияны сақтамау секілді кемшіліктер  бар.  Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетованың айтуынша, той жасайтындардың да қатары азаймай тұр.

— Қаулыға сәйкес той және спорттық шараларды өткізуге болмайды. Алайда талапқа бағынғысы келмейтіндер бар. Бүгінгі күнге дейін қоғамдық тамақтану орындарына алты миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сондықтан тұрғындар отбасылық мерекелерді  тоқтата тұрғаны жөн. Тағы бір ескертетін нәрсе, сенбі, жексенбі күндері азық-түлік емес және жабық базарлар, сауда орындары және қаулыда көрсетілген өзге де нысандар жұмыс жасамайды, — дейді департамент басшысының орынбасары.

Демалыс күндері қандай нысандардың жұмыс жасамайтыны туралы барлық мәлімет әлеуметтік желіде жарияланады.

Кәмшат ҚОПАЕВА «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Наурыз айының аяғына жоспарланған ақылы ҰБТ өткізілмейді — Асхат Аймағамбетов

admin_mugalzhar

Мұғалжар ауданы дәрігерлері есеп берді

admin_mugalzhar

Ақтөбеде шектеу ережесін бұзған түнгі клуб анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.