«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Америкалық топ Абайдың әнін орындады

Американың музыкалық тобы Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады. Қазақстандағы АҚШ елшілігі Facebook-тегі парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нэшвиллден (Теннесси штаты) шыққан америкалық Humming House тобы Абайдың 175 жылдығына орай  «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады.

2018 жылы бұл топ American Music Abroad бағдарламасының арқасында Қазақстанға, Абайдың туған жері — Семей қаласына келген.

«Бұл олардың қазақ әнін бірінші рет орындауы емес. 2018 жылы Humming House тобы «Наурыз» әнінің кавер нұсқасын әннің авторы Айдос Сағатпен бірге жазған еді», — делінген хабарламада.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда күн жылынады

admin_mugalzhar

Жылыту маусымына дайындық пысықталды

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкімет жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тиіс»

admin_mugalzhar