«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алдағы 5 жылда елімізде 2 млрд түп ағаш егіледі

Елімізде жылына 372 млн түп ағаш егіледі. Осылайша алдағы 5 жылда 2 млрд-қа жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Президент Жолдауында осындай тапсырма берілген еді. Бас эколог Ерлан Нысанбаев: «Бос жерлерді орманды алқапқа айналдырамыз», – дейді. Ағаш егу әр өңірдің климатына қарай жүргізіледі. Солтүстік аймақты аққайың, шырша және қарағай жерсінеді. Оңтүстік өңірлерге терек пен қарағаш таңдалады. Ал Қызылорда мен батыс облыстарында сексеуілді көбейту қажет. Вице-министрдің айтуынша, сексеуілдің 40-50% ғана өсіп шығады. Жалпы 2025 жылға дейін 1 гектар аумаққа 4300 түп ағаш егіледі деп жоспарланған. Ақмола облысында 55 мың, Ақтөбе өңірінде 64 мың, Батыс Қазақстанда 65 мың, Ертіс жақта 87 мың гектар жер бос жатыр. 2021 жылға орман алқаптарын ұлғайту және ағаш егу үшін 7,7 млрд теңге жоспарланған. Алайда Президент жолдауынан кейін қаржыландыру мәселесі қайта қаралып жатыр. Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі: – Ережелер бойынша алдағы 3 жылда біз тағы өлген ағаштардың орнына қосымша ағаш отырғызамыз. Соның бәрін есептегенде жалпы көлем 2 млрд-қа шығып отыр. 133 табиғатты қорғайтын орман шаруашылығы бар. Ерекше қорғалатын қорықтар бар. Тұқым солармен әзірленеді. Сол ағаш түрлері бойынша тұқым жинайды.

Ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас ақпараттар

ЖЕРЛЕС МИРЖАН – ФИНАЛДА

admin_mugalzhar

ХК «Актобе» одерживает две победы

admin_mugalzhar

АЭС САЛУ — ҮЛКЕН ТӘУЕКЕЛДІ ШЕШІМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.