«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып Бухарбаев Ерік Асқарұлы тағайындалды.
Ерік Асқарұлы 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы Құмсай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған. 2007-2014 жылдар аралығында Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2014-2019 жылдары Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин таныстырып, қызметіне сəттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар

2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар үлесі 80%-ға жетеді

admin_mugalzhar

17 тамыздан бастап карантин қалай жеңілдетіледі?

admin_mugalzhar

10 қарашадан бастап Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өту ережелері өзгереді

admin_mugalzhar