«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

437 ОТБАСЫ АӘК АЛАДЫ

Мұғалжа рауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардан өтініш қабылдау мақсатында қала және округтерде 13 қызметкер бекітілген, оның ішінде қалаға жауапты 2 маман, 2 консультант, алауылдық округтерге 9 ассистент жауапты. Биыл атаулы әлеуметтік көмекке мұғалжарлық 437 отбасы (2216 адам) жүгінген. Оның ішінде 68 отбасы шартсыз, 369 отбасы шартты көмек алады. Шартты көмек алушы отбасылардан 39 адам әлеуметтік келісім-шарт жасау арқылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданды. Атап айтсақ, ақылы қоғамдық жұмысқа 19 адам, тұрақты жұмысқа 6 адам, жастар практикасына 1 адам және әлеуметтік жұмыс орнына 1 адам орналастырылып, 2 адам 200 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант алған. Айта кету керек, жанұяға кіретін кірістің жан басына шаққандағы көлемі Ақтөбе облысы бойынша белгіленген кедейшілік шегінен (20539 тг) аспаған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады. Атаулы көмек алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етілуі арқылы расталады.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Куат Хамитов одержал первую победу в ММА за четыре года

admin_mugalzhar

АҒЫЛШЫН КУРСЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Аппарат басшысы әкім болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.