«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰСТАЗДАР ОТБАСЫ — КӨПКЕ ҮЛГІ

Ұстаз деген сөз біз үшін қашанда қадірлі қадірлі қадірлі қадірлі, қасиетті қасиетті қасиетті қасиетті саналады. Небір даныш- пан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Ал ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Осы игі істі ұрпақ сабақтастығына айналдырған ауданға белгілі белгілі белгілі белгілі Шолтаевтар білім саласында елеулі еңбек етіп, мамандық сабақтастығын жалғастырған ұстаздар отбасы.

Ұстаздар династиясы Талмырза Шолтаевтан бастау алады. Талмырза Әкішұлы 1931 жылы 20 шілдеде Жұрын ауданы Басшилі ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Ащысай 7 жылдық мектебін үздік аяқтап, оқуын 1947-1949 жылдары Ақтөбе қаласы №6 орта мектепте жалғастырып, осы мектепті үздік бітірді. Ол еңбек жолын 1949-1951 жылдары Ащысай мектебінде мұғалім болып бастады. 1951-1955 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында оқып, қызыл дипломмен аяқтаған. 1955-1957 жылдары Родник ауылында Буденный атындағы мектепте математика пәні мұғалімі, 1957-1966 жылдары Ломоносов атындағы мектепте мектеп директорының оқуісі жөніндегі орынбасары, 1966 -1978 жылдары мектеп директоры қызметін атқарды. 1978-1982 жылдары Жданов орта мектебінің директоры, 1982- 1984 жылдары Егіндібұлақ селолық округінің халық депутаттарының төрағасы қызметінде болды. 1984 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін Миялыкөл негізгі мектебінің директоры қызметін атқарды. Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған Талмырза Әкішұлы 1963 жылы Қазақ ССР Оқу министрлігі «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, 1970 жылы «За доблестный труд в ознаменование 100-летия со дня рождения Владимира Ильича Ленина» белгісімен, 1975 жылы «Отличник просвещения СССР» белгісімен және 1985 жылы «Еңбек ардагері» белгісімен марапатталды. Оның математика саласы бойынша көптеген әдістемелік жинақтары жарық көрді. Бүгінде ол тәрбиелеген шәкірттер Қазақстанның барлық аймағында белді-белді қызметтер атқаруда. Зайыбы Күлпаш Дошанова Ақтөбе педагогикалық училищесін бастауыш мектеп оқытушысы мамандығы бойынша аяқтаған. 1955 жылы еңбек жолын Буденный атындағы мектептен бастады, 1978-1985 жылдары Жданов атындағы және Миялыкөл негізгі мектебінде қызмет ұстаздық қызметте болды. 1985 жылы «Еңбек Ардагері», 1986 жылы Қазақ ССР Оқу министрлігі «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды. 1991 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты. Тоғыз балаға саналы тәлім-тәрбие берген ардақты ана. Өмірлерін ұстаздыққа арнаған жандардың балалары да ағартушылық жолын таңдап, ата-анасының ізін жалғады. Үлкен қызы Күланда Шолтаева 1979 жылдан бастап 2009 жылға дейін Мұғалжар ауданы Жұрын совхозындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, 2006- 2009 жылдары Құмжарған орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2006 жылдан бастап ауылдағы «Әйелдер комитетінің» төрайымы ретінде аналар, жастар арасында көптеген жұмыстарды қолға алып, ауыл тұрғындарын рухани азықтандыру жолында елеулі еңбек атқарды. 2009 — 2012 жылдары Құмжарған ауылдық округінің әкімі қызметінде болып, ауылаймақтың экономикасының дамуына, абаттандыру мен гүлденуіне, тұрғындардың кәсіпкерлікпен айналысуына, ауылды газдандыруға, т.б. мәселелерді шешуге атсалысты. Бүгінде Күланда Талмырза қызы 2012 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанша Құмжарған орта мектебінде директор қызметінде болды. Ол көптеген аудандық, облыстық білім бөлімдерінің, аудандық, облыстық кәсіподақ ұйымдарының, аудан әкімінің алғыс хаттарымен, мерекелік медальдарымен марапатталды. Ал екінші қызы Жанна Шолтаева да әке жолын қуып Орал қаласындағы педагогикалық институттың химия-биология факультетіне оқуға түсіп, үздік аяқтады. 1987-2008 жылдар аралығында ұстаздық қызмет атқарды. 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, ата-анасының жолын жалғаған Нұргүл Шолтаева 1989-1993 жылдары Новогодний орта мектебінде /қазіргі Қайыңды/ жұмыс жасайды.1993 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түсіп,1998 жылы орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіреді.1993 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы №33 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда Ембі қалалық №1 ЖББОМ-нің директоры қызметін атқаратын Ерлан Шолтаев 1995 жылы орта мектепті бітірген соң Ақтөбе гуманитарлық колледжіне түседі. 1998 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады. Ерлан Талмырзаұлының алғашқы еңбек жолы 1998 жылы Ембі қалалық №1 орта мектебінде басталды. 2004-2006 жылдары аталған мектепте тәрбие ісінің орынбасары қызметін атқарады. 2006- 2009 жылдары Жем қаласындағы КА-168/5 қатаң режимдегі жабық түзеу мекемесі жанындағы жалпы білім беретін кешкі мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2009-2012 жылдары осы мектептің директоры, 2012 жылдан бастап Ембі қалалық №3 орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2019 жылы Ембі қалалық №1 ЖББОМ-нің директоры қызметіне тағайындалды. Ембі қалалық №1 ЖББОМ-і аудан бойынша сапалы білім беретін мектептердің алдыңғы шебінде. Ерлан Шолтаевтың жолдасы да Ембі қалалық №1 орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. Шолтаевтар әулетінің келіндері Шолпан Аменова мен Жанар Мұқанбеталина да мектепте қызмет жасайды. Бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру жолында аянбай тер төккен Шолтаевтар отбасы шәкірттің ғана емес, қоғамның ұстазы бола білген жандар. Олар өз істеріне аса жауапкершілікпен, ізденгіштікпен қарап, шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленген кең жүректі білікті мамандар.

«МҰҒАЛЖАР»

Ұқсас ақпараттар

Иманғали Тасмағанбетовтің анасы өмірден озды

admin_mugalzhar

ӨЗГЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ БІЗДЕ ЕМДЕЛЕ АЛАДЫ

admin_mugalzhar

Жаңбыр мен найзағай: Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.