«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бетперде тақпағандарға 10 миллион теңге айыппұл салынды

Санитарлық талап

Санитарлық талапты сақтамайтындардың қатары азаймай тұр. Тәртіп бұзғандарға айыппұл салынып жатыр. Алайда ескертуге құлақ асатындар аз.

Облыс бойынша мобильді топтар, жергілікті полиция қызметкерлері бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қабылдаған қаулылардың орындалуына бақылау жүргізуде. Нәтижесінде ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 425- бабының 1-тармағына сәйкес, 647 хаттама толтырылып, 81 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Тұрғындар арасында қоғамдық көлікте, көпшілік жиналатын жерде медициналық бетпердені тақпайтындар көп. Мәселен, мобильді топ бетперде тақпағаны үшін 156 хаттама толтырып, 10 миллион теңгеден астам айыппұл салған. Сондай-ақ отбасылық шараларды өткізгені үшін 24 кәсіпкерлік нысаны 7 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген. «Колизей», «Асылжан», «Батан» секілді тамақтану орындары тәртіпті бұзған. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары

Гүлбану Дәулетова әрбір тұрғын қоғамдық орындарда міндетті түрде  медициналық бетперде тағып жүру керектігін ескертті.

Департамент мамандары облыс тұрғындарын коронавирус  инфекциясының алдын алу үшін мерекелік, отбасылық шараларды тоқтата тұру керектігін және  бетперде тағу, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану, әлеуметтік дистанцияны сақтау талаптарын орындауға шақырады.

Кәсіпкерлік субъектілері коронавирус  инфекциясы таралмауы үшін санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтағаны жөн.

Кәмшат СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Олжас Бектенов: Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды

admin_mugalzhar

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.