«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

«ҒАЖАП» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАРТЫЛАЙ СТАЦИОНАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ «МҮГЕДЕКТЕР» ҚОҒАМЫНЫҢ МҮШЕСІ ӘЛИЯ ОМАРОВА ЕРІКТІ ЖАСТАРЫМЕН БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП, СЫЙЛЫҚТАРЫН ТАРТТЫ.

Бүгінгі таңда бұл орталықта 10 мүмкіндігі шектеулі ерекше бала тәрбиеленуде. Екі ауысыммен білім беретін аталған мекеме қызметкерлері балаларға барынша жағдай жасап, ерекшеліктеріне қарай, психофизиологиялық мүмкіндігін, есту және көру қабілетін дамытуға, ортаға тез бейімделуіне барынша мүмкіндік жасайды. «Мүгедектер» қоғамының мүшесі Әлия Омарова, әр мереке қарсаңында ерекше балаларға көңіл бөліп, сыйлық беріп, қуантып тұру керек екенін айтып, бұл игі істің жалғасын табатынын жеткізді. Айдана АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

АСТАНАЛЫҚТАРҒА МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАРДАН — АРНАЙЫ ДӘМ

admin_mugalzhar

Бас дәрігердің орнына бас дәрігер келді

admin_mugalzhar

ІІМ басшысы карантин ережелерін ең көп бұзған өңірлерді атады

admin_mugalzhar