«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДДСҰ Еуропада COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өскен

Соңғы аптада Еуропада 700 мыңнан астам COVID-19 ауруы расталды. Бұл пандемия басталғаннан бері аурудың жаңа анти-рекорды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ДДСҰ мәліметтеріне сілтеме жасап.

Еуропада апта сайын коронавирус ауруы және одан болатын өлім-жітім сәйкесінше 34% және 16%-ға артты. Аймақтағы COVID-19 жағдайларының жартысынан көбі Ұлыбритания, Франция, Ресей және Испания елдерінде анықталған.

Осы уақытта Испанияда, ДДСҰ мәліметтері бойынша, жаңа жағдайлардың саны соңғы апталармен салыстырғанда «айтарлықтай төмендегенін» көрсетті. Сонымен қатар, Польшада вирус жұқтыру және одан көз жұму жағдайлары сәйкесінше 93% және 104%-ға өсті.

Бұған дейін ДДСҰ коронавирустың екінші толқыны жоқ деп мәлімдеді.

Ұқсас ақпараттар

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

admin_mugalzhar

Қазақстан бәсекеге қабілетті мақта сорттарын өсіруді қолға алды

admin_mugalzhar

Ақтөбеде ауыл әкімдерінің форумы өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.