«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰТҚАРУШЫ ТІЛЕГІ

Отпен судың ортасында біздің жұмыс,

Сырттан оңай көрінгенмен, жауапты іс.

Өзге үшін от кешкен құтқарушы,

Өз өмірін ұмытқан жанкештіміз.

Қайта жағып үміттің сөнген бағын,

Орындап кей жандардың армандарын.

Періште емес, пендеміз десе-дағы,

Басын тігіп бәйгеге салған барын.

Кей мықтының басылар мысы бізден,

Артық болып тұрғанмен күші бізден.

Жүректілік керек қой ең әуелі,

Жауаптылық көрінсе ісіңізден.

Шүберекке түйесің жанды күнде,

Тілсіз жауды өшіру біздің меже.

Аман қалса адамдар, күлімдесе жанарлар,

Біз қуанып қайтамыз, үйімізге.

Аманбай УБАЙШАН, №8 өрт сөндіру бөлімінің маманы

Ұқсас ақпараттар

Боран, қар мен жаңбыр күтілуде: Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

admin_mugalzhar

«Қадірәлі ата» мешітінде құран оқудан жарысы өтті

admin_mugalzhar

«ТАЗА ЖАҒАЛАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar