«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Мұғалжар»: тоқсан жылдық белесте

Облыстағы байырғы басылымдардың бірі саналатын аудандық «Мұғалжар» газеті өзінің 90 жылдық белесіне көтерілді. Осыған орай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында салтанатты шара ұйымдастырылды.

Мерейлі сәттегі жиынға аудан әкімі Асқар Шериязданов, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағының облыстық ұйымының төрағасы Раукен Отыншин, облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бас редакторлары Бауыржан Өтеулиев пен Айгүл Нұркеева, аудандық мекемелер мен бөлім басшылары және газет ардагерлері  қатысып, əр жылдары газетте еңбек еткен журналистер мен газеттің бүгінгі ұжымын мерекелерімен құттықтады.

Аудан әкімі Асқар Шериязданов салтанатты шарада газет тарихы туралы сөз қозғап, талай тарихи кезеңді бастан өткерген басылымда танымал журналистердің еңбек еткенін айтты. Сонымен қатар газеттің оқырмандармен тығыз байланыс орнатып, өңірдің тыныс-тіршілігін көпшілікке жеткізіп отырғанын атап көрсетті.

Облыс əкімі О.Оразалиннің Құттықтау хаты газеттің әр жылдардағы редакторлары Бақытжан Ниеталы мен Қуаныш Кенжеғалиевке және «Мұғалжар» газетінің ұжымына тапсырылды. Сонымен қатар газет құрылтайышысы Нұргүл Қалиеваға, ардагерлер Ізгілік Тағанова мен Күнжамал Темірбаеваға облыстық мəслихат хатшысы С.Қалдығұлованың Құттықтау хаты берілді.

Ардагер-баспагерлер Хамит-Қапиза Темірхановтар, Нағашыбай Балмаханов, Смағұл Құдабаевтарға да құрмет көрсетілді. Баспасөз саласында ұзақ жыл қызмет атқарған ардагерлер Бойжеткен Ахметова, Мұқанбетулла Кемер, Клара Ниязбекова, Салиха Бөкеева, Ғазиза Егізбаева, Гүлсім Балғабаева, Әдина Тайымова, Құралбай Байсұлтанов, газеттің бүгінгі қызметкерлері Бану Жартина, Әсел Абданбаева, Нұрғаным Кесікқұл, Нұршат Қалиева, Самат Сапарғали, Айдана Құлнияз аудан әкімінің Құттықтау хатымен марапатталды.

«Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин «Мұғалжар» газетінің 90 жылдық мерекесімен құттықтап, газет ұжымын Қазақстан Журналистер одағының Құттықтау хатымен және арнайы сыйлығымен, ардагер Бақытжан Ниеталыны аталған одақтың Құрмет громатасымен марапаттады.

— Бұл мерейтой — редакция ұжымының ғана емес, тұтас аудан халқының ортақ мерекесі. Өйткені «Мұғалжар» газеті — өзіндік мектебі қалыптасқан іргелі басылым. Бұл басылымда танымал тұлғаларымыз Құдайберген Жұбанов, Жиенғали Тілепбергеновтердің қолтаңбасы қалған. Қазақтың белгілі сатиригі Табыл Құлиясов қызмет атқарған. Одан беріде Иван Төрениязов, Аманбай Көздібаев, Елеусіз Кенебаев, Жолдымұрат Сегізбаев, Амантай Өтегенов, Серік Омаров, Әмір Оралбай секілді танымал журналистер «Мұғалжар» мектебінен өтті. Газет бүгінде заман талабынан қалмай, ақпарат таратуда аудандардың арасында көш бастап келеді, — деді ол.

Газеттің мерейін асырған салтанатты шарада сөз алған ардагер редактор Бақытжан Ниеталы басылымда өзі қызмет атқарған жылдардағы қиындықтар мен қызықты сәттерді еске алып, құрмет көрсеткен, жылы лебіз білдірген жанашырларға алғысын айтты.

Н.ДОСБОЛОВА, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІ МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады

admin_mugalzhar

Серік ШАҢҒҰТОВ, Мұғалжар ауданының 2006-2016 жылдардағы әкімі: ОЛ СӘТ МЕН ҮШІН ТАРИХИ КЕЗДЕСУ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.