«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде Сәңкібай батыр даңғылының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді

Ақтөбедегі ең ірі жолдардың бірі Сәңкібай батыр даңғылы пайдалануға беріліп, тұрғындардың қуанышы артты. Ұзындығы 3,3 шақырым болатын жолдың ашылуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.  

Qamshy.kz

“Мердігер мекемемен жасалған келісім бойынша құрылысы мамыр айында басталған жоба желтоқсан айында толық аяқталуы тиіс еді. Жүргізушілердің қолайлылығы үшін, келісімде көрсетілген күннен ертерек аяқтауды тапсырдым. Техникалық талаптардың сақталуы қатаң бақылауда болды”,- деп атап өтті Оңдасын Оразалин. 

qamshy.kz

Өңір басшысы сондай-ақ, жол жөндеу кезінде туындаған уақытша кедергілердің болғанын жасырмады, және тұрғындардың түсіністік білдіргені үшін алғыс білдірді. Аймақ басшысы тағы бір қуанышты ақпаратпен бөлісті. Ақтөбе — Қандыағаш күре жолының жөндеуіне қатысты жоба мақұлданып, қаржыландыру мәселесі шешілген. Облыс әкімі мердігер мекемеге жөндеу жұмыстарына дайындықты биылдан қалдырмай бастау керектігі туралы талап қойған. 

qamshy.kz

Айтып өтейік, Сәңкібай батыр даңғылы 4-6 жолақты, ені 15-22 метрді құрайды. Жол құрылысы “ЖҚЖК” бағдарламасы аясында 1,5 млрд тг қаржыға жасалды. Облыс әкімі қала басшысына тротуар, жарықтандыру сынды қалған жұмыстарды 25- қарашаға дейін аяқтауды тапсырды. 

Ақпарат көзі «Қамшы» кз.

Ұқсас ақпараттар

Депутаты Мугалжарского раймаслихата избрали акима сельского округа им. К.Жубанова

admin_mugalzhar

КӨНЕНІҢ КӨЗІ — КӨК МЕШІТ

admin_mugalzhar

Ақтөбе-Қандыағаш тас жолының екі жолағы ашылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.