«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Инвестициялық байқаудың қорытындылары бойынша 2019 жылдың желтоқсанында: «Computer Vision Technologies» ЖШС (Қазақстан), «Теміржол Жөндеу» ЖШС (Қазақстан), FEЕTC Ltd (Тайвань) құрамындағы Консорциуммен 11 мың шақырымда жол ақысын жинау жүйесін қондыру және қызмет көрсету туралы Келісімге қол қойылды.
Келісім аясында ағымдағы жылы, кейіннен сынақтық іске қосылуы көзделген, қайта қалпына келтірілген ұзындығы 5,8 мың км учаскелерде ақы жинау жүйесі орнатылуда.
Анықтама үшін: «Шымкент –Өзбекстан шекарасы (Ташкентке)»,«Ақтөбе – РФ ш-сы (Орынборға)»,«Орал – РФ ш-сы (Саратовқа)»,«Орал – РФ ш-сы (Самараға)». «Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан ш-сы», «Тараз – Қайнар», «Қостанай – РФ (Троицкке)»,«Павлодар – РФ ш-сы (Омбыға), «Қапшағай –Талдықорған», «Нұр-Сұлтан – Қостанай», «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Павлодар – Семей», «Орал – Ақтөбе», «Ақтөбе – Қарабұтақ».
Қалған 5,2 мың км-де қайта құру жұмыстары аяқталуына қарай, 2024 жылға дейін ақы төлеуді енгізу жоспарлануда.
Іске асыру инвестордың жеке қаражаты есебінен басталды.
Жоспарланған 99 бақылау аркаларының 90 аркасы салынды, ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін Қызылорда мен Ақтөбе облыстарында қалған 9 арканың құрылысы аяқталады.
Әрбір бақылау аркаларына құрамында: тіркеу камерасы, шолу жасайтын камера, өнеркісіптік компьютер, аппараттық шкаф, лазерлік қашықтық өлшеуіш-лидар, RFID салыстырып-оқығыш құрал, сондай-ақ үздіксіз қуат беру көзі ретіндегі литий-йонды аккумуляторлар бар бағдарламалық-аппараттық кешендер орнату жүргізілуде. Кейбір жерлерде күн батареялары түрінде баламалы қуат көздері пайдаланылады.
Байланысты ұйымдастыру үшін жерсеріктік байланыс, радиорелейлік және 3G / 4G / LTE ұялы байланысының қол жетімді арналары қолданылады.
Бүгінгі күні 5: «Шымкент – Өзбекстан ш-сы (Ташкентке)»,«Ақтөбе – РФ ш-сы (Орынборға)»,«Орал –РФ ш-сы (Саратовқа)»,«Орал – РФ ш-сы (Самараға)»,«Щучинск – Көкшетау – Петропавл»жол учаскелері сынақтық пайдалануға берілді.
9 учаскеде сынақ режиміне көшу, 4 учаскеде электр қуатын қосу және жабдықты орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жоба аясында Мониторинг орталығы мен Клинеттерге қызмет көрсету орталығын жабдықтау бойынша барлық жұмыстар аяқталды.Екі Деректерді өңдеу орталығын құру бойынша жұмыс жалғасуда.
Барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарына жұмыстың сапасын және материалдарды қатаң бақылауға алу мақсатында, Инвестор тарапынан техникалық және авторлық қадағалау қолға алынғанын атап айту қажет.

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕП АСХАНАСЫ: ТАЗАЛЫҚ — БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

ЖАҢА ЗАҢ: ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

admin_mugalzhar

Казахстанцы смогут потратить пенсионные на лечение за рубежом

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.