«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 1 қыркүйектен бері 800-ден аса оқушы коронавирус жұқтырған

Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов оқу жылының басынан бергі оқушылар арасындағы коронавирус жұқтыру статистикасын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Оқу жылы басталғаннан бері қазақстандық оқушылар арасында КВИ-дың 825 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 261 факт — кезекші сынып оқушылары арасында, 564 — қашықтан білім алушылар арасында тіркелген.

Соңғы аптада COVID-19 кезекші сыныптарда оқитын 62 оқушыда анықталды. Ауырған оқушылардың ең көп саны Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады: сәйкесінше 32, 12 және 5 жағдай», — деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.

Ұқсас ақпараттар

МАХАББАТ, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР…

admin_mugalzhar

В ДУХЕ НАРОДНЫХ ТРАДИЦИЙ

admin_mugalzhar

СОҒЫЛДЫ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.