«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Токио олимпиадасы 2021 жылдың жазында өтеді

Токио олимпиадасы көрермендердің қатысуымен өтеді. Бұл жөнінде халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах мәлімдеді. Беделді ұйым басшысы мен Жапония премьер-министрі жазғы ойындарға қатысты мәселелерді талқылап, ортақ келісімге келді. Оның нәтижесінде жанкүйерлер жарыс алаңына жіберілетін болды. Бұған қоса байрақты бәсекенің уақыты өзгермейді. Бұған дейін қалыптасқан жағдайға байланысты шегеріліп, соңғы уақытта тағы да кейінге қалдырылуы мүмкін деген пікірлер шыға бастаған. Жауапты мамандар мерзімі өзгермейтінін қадап айтты. Яғни Токио олимпиадасы 2021 жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында ұйымдастырылады. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 100-ден аса лицензия алуды жоспарлап отыр. Қазір жерлестеріміз еншісінде 42 жолдама бар.

Ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас ақпараттар

Найзағай мен жаңбыр: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

admin_mugalzhar

Тоқаев шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салатын заңға қол қойды

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар 27 елге тікелей ұша алады

admin_mugalzhar