«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанның ең қауіпті қалалары белгілі болды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстандағы ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаланы денсаулыққа қауіпті деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Барлығымызды негізгі экологиялық проблемала — ауаның ластануы және жер үсті суларының ластануы алаңдатады. Қалдықтарды басқарудың жетілдірілмеген жүйесі, тарихи ластану, көгалдандырудың болмауы ауаның ластануына алып келеді», — деді министр үкімет отырысында.

Мырзағалиев 2019 жылы атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес 10 қалада ауа ластануының жоғарғы деңгейі байқалғанын айтты.

«Бұл — Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары. Сонымен қатар, ластаушы заттардың Павлодар облысында да көп екені анықталған», — деді Мырзағалиев.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ: МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

admin_mugalzhar

Вакцина алмаған қызметкерлер қашықтан жұмысқа ауыстырылады

admin_mugalzhar

Астанада көмек шақыруға арналған 101, 102, 103 нөмірлері бір нөмірге біріктірілмек

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.