«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еуропаның тағы бір елінде COVID-19-дың 1 миллионнан астам жағдайы тіркелді

BAQ.KZ. Германия коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көрсеткішісі бойынша әлемде он екінші және Еуропада алтыншы орында.

Германия жаңа типтегі коронавирус жұқтырғандардың саны миллионнан асқан Еуропадағы алтыншы ел болды. Бұған Worldometers статистикалық сайтының деректері дәлел.

27 қараша, жұма күні таңертең елде пандемия басталғалы бері COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 1 005 307 жағдайы расталды, оның 676 мыңнан астамы жазылып шықса, 15 мыңнан астамы қайтыс болған. Соңғы тәулікте 21 576 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.

Еуропада Германияға қарағанда инфекция жұқтырғандар жағынан саны ең көп ел — Ресей (2,19 миллион адам), одан кейін Франция (2,18 миллион), Испания (1,64 миллион), Ұлыбритания (1,57 миллион) және Италия (1,5 миллион) тұр. Әлемде Германия коронавирус індетін жұқтыру бойынша 12- орында.

Соңғы мәліметтер бойынша, планетаның 61,3 миллион тұрғыны COVID-19 инфекциясын жұқтырған. 42,4 миллион адам инфекциядан айығып кетсе, 1,4 миллион адам дерттің асқынуынан қайтыс болды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2025 зерттеуі басталды

admin_mugalzhar

Жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша ҚХП депутаттық фракциясының отырысы

admin_mugalzhar

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.