«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2025 жылға қарай халықтың 99%-ы интернетке қол жеткізеді — Мамин

Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Мәжілісте онлайн режимде өтіп жатқан Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

2025 жылға қарай қосымша 70 мың отбасылық ферма құруға мүмкіндік беретін 600 мың гектардан астам жаңа суармалы жер игеріледі. Сонымен қатар жалпы халқы 900 мыңнан асатын 246 ауыл газдандырылады. Нәтижесінде 2025 жылы газдандыру деңгейі 60%-ға жетеді, — деді Мамин.

Одан бөлек, еліміздің барлық аймақтарындағы 3,5 мыңнан астам ауыл жаңа аймақтық стандарттарға сәйкес жаңғыртылады.

2025 жылға қарай халықтың 99%-ы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізетін болады, — деп атап өтті премьер-министр.

Сондай-ақ, 2025 жылға қарай отандық нарық өз өндірісі есебінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етілетін болады.

Айта кетейік, Мәжілісте Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтіп жатқан фракцияның кеңейтілген отырысында Асқар Мамин ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін 7 ірі экожүйе құрылатынын айтты.

Сондай-ақ, отырыста 2023 жылға қарай мұғалімдер жалақысы тағы 25%-ға өсетіні айтылды

Ұқсас ақпараттар

“Қоғам өмірінен ешкім де тыс қалмауы керек”

admin_mugalzhar

2022-2023 оқу жылына арналған кесте: Оқушылар қанша күн демалады

admin_mugalzhar

ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨП

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.