«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЛҒЫС ЖАУҒАН КҮН…

 

Елімізде 1 наурыз — «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтіледі. Алайда, қазақ халқы ертеден кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған дана халық. Алғыс айту арқылы адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. Кезкелген мұңайып тұрған адам бұл сөзді ести сала, көңілі жібиді, жадырап шыға келеді. Осындай мерейлі күні мұғалжарлық тұрғындар өздеріне жақын, жақсылық көрген адамдарына алғыстарын жаудырды…

Жұлдыз Айымбетова, қала тұрғыны

— Қызылды жасылды мына дүниеде ең бірінші байлық денсаулық екені даусыз. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса болды, осы бір денсаулық сақшыларының көмегіне мұқтаж болып, жанымызға сая іздеп жатамыз. Соның ішінде, қаншама сәбидің жарық дүние есігін ашуына себепші болып, аналардың аман-есен жанының қалуы үшін аянып қалмайтын аудандық аурухананың перзентхана бөлімінің дәрігерлері мен қызметкерлеріне алғысым шексіз. Ауруханаға түскенімде жылы шыраймен қарсы алып, барлық жағдайымды жасап, толғақ ауырлығын жеңілдету кезінде рухани көмек көрсете білді. Дер кезінде кесір тілігін жасап, періштемнің аман-есен өмірге келуіне, операциядан кейін де аяғыма тұрып кетуіме көмектерін тигізді. 1 наурыз — Алғыс айту күні перзентхана бөлімінің меңгерушісі Жібек Асановаға, дәрігерлер Нұрбол Жұмағалиевке, Дина Сағыноваға, Сандуғаш Нұрдиллаға, акушерлер Ақкүміс Сүйеуоваға, Гүлжаным Аблесоваға, Мейрамгүл Алдашеваға, Салтанат Жаманбаеваға, сонымен қатар барлық қызметкерлерге перзентханада дүниеге келген балалардың аналары атынан ризашылығымызды білдіреміз!

Ұқсас ақпараттар

2022 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 93 пайызы электронды болады

admin_mugalzhar

42 500 теңге төлемді алудың жаңа әдісі көрсетілді

admin_mugalzhar

Қазақстанда бірнеше университеттің лицензиясы тоқтатылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.