«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЛҒЫС ЖАУҒАН КҮН…

 

Елімізде 1 наурыз — «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтіледі. Алайда, қазақ халқы ертеден кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған дана халық. Алғыс айту арқылы адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. Кезкелген мұңайып тұрған адам бұл сөзді ести сала, көңілі жібиді, жадырап шыға келеді. Осындай мерейлі күні мұғалжарлық тұрғындар өздеріне жақын, жақсылық көрген адамдарына алғыстарын жаудырды…

Назгүл Жанғалиева, қала тұрғыны

— Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің 2 «д» сынып жетекшісі, ұлағатты ұстаз Гүлназ Турабаеваға осы сынып оқушылары мен ата-аналары атынан зор алғыс білдіреміз! «Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте» деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Ұстаз — осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің дарыны, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды. Біз сіздің осындай қабілетіңізді бағалай отырып, балаларымызды сізге аманаттаған едік. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді халқымыз. Бала білімді өз бетінше кітаптан оқып та үйрене алады, ал бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды. Өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер — ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы жұғады. Құрметті Гүлдана апай, 1-наурыз Алғыс айту күнінде сіздің отбасыңызға амандық, зор денсаулық тілейміз. Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіп жүре беріңіз. Шығармашылық ізденістеріңіз бен кәсібилегіңіз арта берсін. Мерейіңіз үстем болсын!

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның барлық қалалары арасындағы әуе қатынасы 25 мамырда қалпына келтіріледі

admin_mugalzhar

Еуропаға әуе рейстері қашан ашылатыны айтылды

admin_mugalzhar

Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.