«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЗАҚҚА КЕЛІН БОЛҒАН ОРЫС ҚЫЗЫ

«ҚАЗАҚҚА КЕЛІН БОЛҒАН–НАҒЫЗ БАҚЫТ». ҚАЗАҚ ОТБАСЫНА КЕЛІН БОЛЫП ТҮСКЕН АНЖЕЛЛА ЕСЕНТЕМІРОВА ОСЫЛАЙ ДЕЙДІ. ОРЫС КЕЛІННІҢ АЙТУЫНША, ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ ЕШ ҚИЫНДЫҚ ТУҒЫЗБАЙТЫН КӨРІНЕДІ. АНЖЕЛЛА ҮЛГІЛІ КЕЛІН БОЛУҒА, САЛТ-ДӘСТҮРДІ САҚТАП ЖҮРУГЕ ӘРҚАШАН ТЫРЫСАДЫ.

— Қазақ тілінде емін-еркін сөйлеймін. Жолдасыммен де, балаларыммен де қазақ тілінде тілдесеміз. Келін болғаныма биыл 10 жыл толып отыр. Үлкен әулетке түскеніме қуанамын. Қазір 3 бала тәрбиелеп отырған анамын. Олардың есімін де қойған ата-енем. Қазақ отбасында бұл үлкен маңызға ие. Ата-енеммен бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Барлық салт-жоралғыларды ұстанып, қазақилықты бойыма сіңіріп жүрмін. Жалпы отбасымызбен қазақтың да, орыстың да мерекелерін атап өтеміз. Әртүрлі әдеттер мен дәстүрлер жолдасым екеуміздің ара қатынасымызға ешқандай әсер етпейді. Ең бастысы – сыйластық, — дейді Сүлейменовтер әулетінің келіні Анжелла. — Қазақтың келіні болған шынымен де керемет екен. Мен барлық салтдәстүрлерді ұстанамын, қолдаймын. Ал бәрінен бұрын, туыстардың көп болғаны жақсы екен. Қазаққа тұрмысқа шығып, жарты қала менің туысым болып шыққаны қуаныш емес пе?! Аралас некені сөгетіндерге айтарым, жаман ұлт болмайды, жаман адам болады дер едім. Бізге ең қатты ұнайтын мереке – Наурыз мейрамы. Бұл кезде сүрленген етімізді асып, көжемізді қайнатып, таң атқаннан бауырсағымызды пісіріп, қонақ күтуге әзірленеміз, — дейді Анжелла Есентемірова.

А. НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

НАУРЫЗ АЙЫ БОЛҒАНДА, ТОЙ БОЛЫП ЖАТЫР БҰЛ МАҢДА

admin_mugalzhar

«ҰШҚЫННАН» ЖЕТКЕН ЖЫЛУЛЫҚ

admin_mugalzhar

«ҚАЗТЕРМОГРУПП» МЕКЕМЕСІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.