«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясын шақырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды mugalzhar.kz сайты Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен шақырылсын», — делінген құжатта.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауы керек» делінген жарлықта.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА 720 АДАМ АӘК АЛАДЫ

admin_mugalzhar

Конституция жобасы – ел дамуына жаңа серпін береді

admin_mugalzhar

Спорт қауымдастығы жаңа Конституция жобасын бір ауыздан қолдады

admin_mugalzhar