«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл 1 сыныпқа құжат электронды түрде қабылданады

Елімізде алдағы 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа бару үшін құжаттарды қабылдау басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады. Мектепке алты жасқа толған және осы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта қабылданады. Мектепке алдымен аймақтық қызмет көрсету бойынша өтініш білдірген үш үміткер, содан кейін ғана қызмет көрсету аумағынан тыс басқа аймақтан бір үміткер қабылданатынын айта кеткен жөн», — деді ҚР Білім және ғылыми вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Министр орынбасарының мәлімдеуінше, білім беру ұйымдарының міндетті тізбеде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.

«Ата-аналар электрондық форматта өтініш, баланың туу туралы куәлігі мен медициналық паспортын, 2 фотосурет тапсырады. Болжам бойынша 2021-2022 оқу жылында бірінші сыныпқа баратын оқушылардың саны шамамен 340 мың баланы құрайды», — дейді ол.

Бұған дейін Каринова IV тоқсанда мектеп оқушыларына қандай карантиндік талаптардың қойылатыны туралы айтып берген болатын.

Ұқсас ақпараттар

Серік Егізбаев: «Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

admin_mugalzhar

АҒЫЛШЫН КУРСЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Президент: «Ауыл аманаты» жобасына 2029 жылға дейін 600 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді

admin_mugalzhar