«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Билл Гейтс айтқан 7 өзгеріс

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс пандемия бизнес жүргізу тәсілдеріне біраз өзгерістер әкелетінін мәлімдегені белгілі. Оның айтқан өзгерістері түгелімен біздің өмір сүріп жатқан қоғамызға сәйкес келе қоймауы мүмкін. Қанша дегенмен мемлекеттердің даму деңгейін салыстырсақ, біраз айырмашылықтар бар. Солай бола тұрса да әйгілі кәсіпкердің ковидтен кейінгі адамзатты күтіп тұрған 7 өзгерісі туралы ойларын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

1. Қашықтан кездесу қалыпты іске айналады

Егер де пандемияға дейін клиент виртуалды түрде кездесуге ренжіп қалады деп алаңдаған болсаңыз, қазіргі жағдай кездесулер мен келісімдер жасау тәсілдерін біраз өзгертті деп санайды Гейтс.

2. Бағдарламалар тез дамиды

Microsoft қожайыны сонымен қатар, онлайн кездесуге арналған бағдарламалар мен жабдықтарды жетілдіру жылдамдайтыны айтады. Алғашқы кезде бұған арналған бағдарламалармен қамтамасыз ету көңілден шықпағаны рас. Әйтсе де қазіргі күндері көптеген жаңа инновациялар енгізілуде.

3. Компаниялар офистеріне жаңа көзқараспен қарайды

Миллиардер сонымен бірге қашықтан жұмыс істеу компаниялардың өздерінің жылжымайтын мүліктерін пайдаланудың жаңа тәртіптерін енгізуіне ықпал ететінін айтады. Қашықтан жұмыс істеу барысында қызметкерлер офистеріне өте сирек бас сұғады. Сонымен қатар олар жұмысқа кезектесіп келіп тұратын болады. Бұл жағдай компаниялардың офистерін тиімді пайдалану мақсатында жаңа шешімдерге баруына мәжүр етеді.

4. Адамдардың қаланың орталық аудандарында тұруға деген құлшынысы кемиді

Қашықтан жұмыс жүргізгендіктен қаланың шеткері аудандарында тұрудың көптеген тиімділіктері болады. Орталық аудандардағы пәтерлерді жалдау ақысы өте жоғары. Ал шет аудандардағы пәтерлерге керісінше аз төлейсің дейді Билл Гейтс. Сондай-ақ онлайн жұмысты басқа қалада тұрып, сол жақтағы өз үйіңнен жүргізе беруге болады.

5. Адамдардың әріптестерімен араласуы азаяды

Енді керісінше жұмыстың жаңа режимі отбасына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Бойыңыздағы энергияны отбасы мүшелерімен, туыстарыңмен, достарыңмен бірге болуға көбірек жұмсайтын боласыз дейді миллиардер.

Пандемиядан кейін іс-сапарлар 50%-ке, офиске барып жұмыс жүргізу 30%-ке азаятын болады

Қызметкерлер немесе басшылық құрам іс-сапарларға өте бір қажетті жағдайлар да ғана шығатын болады. Адамдар көптеген шаруаны қашықтан іс жүргізу арқылы да шеше беруге болытынын түсінген.

6. Әлем көпке дейін бұрынғы қалыпқа келмейді

Гейтс вакцинаның пайда болуы планетаны короновирустан бірде құтқара қалмайды деп есептейді. Қауіпті кесел ешқайда жоғалып кетпейді, болашақта оның жаңа ошақтары пайда болып тұруы ықтимал. Бірақ бұл әлем барлық кезеңде карантиндік жағдайда қалады деген сөз емес. Алайда, пандемияны ауыздықтау коронавирусты барлық жерде бақылауға алып, вакцина бәріне бірдей қолжетімді болғанда ғана жүзеге асатын болады.

7. Келесі пандемия соншалықты қорқынышты бола қоймайды

Бұл пандемия шындығында біраз үрей тудырғаны рас. Билл Гейтс жаңадан қауіпті вирус пайда болып жатса, оны ауыздықтау біраз жеңіл болады деп санайды. Адамзат бүгінде пандемиямен күресте біраз тәжірибе жинақтады. Ол тәжірибе болашақта өз пайдасын береді. Тестілеу құралдары жақсарады. Алдағы уақытта бүгінгідей ақымақшылықтарға жол бермейтін боламыз.

Ұқсас ақпараттар

«Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

admin_mugalzhar

Алматы әкімдігі кейбір тұрғындарға 42500 теңге неге берілмегенін түсіндірді

admin_mugalzhar

БАЛАБАҚША – ТӘРБИЕ БЕСІГІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.