«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріп кетті

Әлемдегі ең үлкен айсберг A68 еріп кетті. Ол бірнеше кішкене бөлікке бөлінген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.

2017 жылы Антарктика түбегінің Ларсен мұздығынан бөлінген айсбергтің ауданы 5800 шаршы шақырым болған. Оның шамамен салмағы бір триллион тонна. Алайда соңғы спутниктік мәліметтерге сәйкес, ірі айсберг еріп, ішкене бөліктерге бөлініп, жоғалып кеткен.

АҚШ Ұлттық мұз орталығының зерттеушілері бұл айсбергті бақылау мүмкін емес деп мәлімдеді. Айта кетейік, бұл орталық ұзындығы 20 шақырымнан асатын антарктикалық айсбергтерге атау беріп, бақылап отырады және құжат жасайды.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде керамогранит және қыш плиталарын өндіретін зауыт ашылды

admin_mugalzhar

Асхат Шахаров: Ақтөбе облысы инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру туралы Президент тапсырмаларын жүзеге асырады

admin_mugalzhar

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

admin_mugalzhar