«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ғалымдар коронавирусты бір секундта жойып жіберетін әдісті тапты

Техаста A&M университетіндегі зерттеу тобы SARS-CoV-2 коронавирусын бір секундта жоятын әдісті тапты, — деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдар тұжырымы Phys.org сайтындағы баспасөз хабарламасында жарияланған, деп жазды басылым. Олардың айтуынша, арнайы құрылғыдағы жоғары температура вирусты бір сәтте өлтіруге қабілетті.

Коронавирусқа қарсы жылуды қолдану тиімділігі бұрын да көрсетілген. Бірақ алдыңғы зерттеулерде температура әсері бір минуттан 20 минутқа дейін созылған. Бұл оны қолдану іс жүзінде тиімсіз екенін көрсеткен.

Мамандар тот баспайтын болаттан жасалған түтігі бар жаңа тәжірибе қондырғысын жасаған. 72 градусқа дейін қыздырған кезде, ерітінді құрамындағы коронавирус титрі бір секундқа жетпестен жүз мың есе азайған. Бұл коронавирусты толығымен жою үшін жеткілікті.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл әдісті ауа айналымы, желдету және жылыту жүйелерінде қолдануға болады.

Бұған дейін мамандар коронавирусқа суық қалай әсер ететінін түсіндірген болатын. Олардың айтуынша, температура неғұрлым төмен болса, вирус сыртқы ортада соғұрлым ұзақ сақталады екен.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА ЫЛҒАЛ ЖАБУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

ЖЕҢІЛ КӨЛІКТЕР ШҰБАРҚҰДЫҚ АРҚЫЛЫ АҚТӨБЕГЕ ҚАТЫНАУДА

admin_mugalzhar

Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселесі қаралды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.