«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛЕК АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

Ақкемер ауылдық округіне қарасты Елек ауылына газ тарту жұмыстары басталды. Газ тарту жұмыстарын «Асу-К» ЖШС-і жүргізуде. 600-ге жуық тұрғыны бар Елек ауылында 106 үй бар. Республикалық тас жолдың бойында орналасқан елді-мекеннің əлеуметтік-экономикалық дамуы жылдан-жылға жақсарып келеді. 2019 жылы қыркүйек айында Елек негізгі мектебі пайдалануға берілсе, 2020 жылдың желтоқсан айында су жүйесі іске қосылды. Биыл газ тарту жұмыстары қолға алынды.
Ілкімді жобалардың жүзеге асуы — мемлекеттік қолдаудың нәтижесі.
Жылдың аяғына дейін газ тарту жұмыстары аяқталып, ауылдағы мектеп, медициналық пункт, балабақша, жеке тұрғын үйлер газбен қамтылатын болады.

Ұқсас ақпараттар

«Харекет» қайырымдылық қоры ақтөбелік тұрғынға баспана алып берді

admin_mugalzhar

ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНЕ 3 ЖАҢА ТЕХНИКА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.