«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық жарияланды

Жұмыс іздеп жүрген адамдарға жұмыспен қамту орталығына барудың қажеті жоқ, олар Enbek.kz порталы арқылы барлық қызметті онлайн ала алады
Енді Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындары Enbek.kz – Электронды еңбек биржасы порталы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн ала алады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін қашықтан көрсету бойынша пилоттық жоба былтыр қарашада іске қосылған болатын. Биыл 5 қаңтардан бастап бұл мүмкіндік республиканың 40 қаласының тұрғындарына, ал мамырдан бастап барша қазақстандыққа берілді.

«Жұмыс іздеп, жұмыспен қамту орталығына барғысы келетін азаматтарға үйден шығудың қажеті жоқ. Мұның бәрін бірнеше минут ішінде Enbek.kz порталында жасауға болады. Ол үшін тек интернеті бар компьютер мен электронды цифрлық қолтаңба болуы керек. Қызмет толықтай автоматтандырылған. Бұл дегеніміз, егер үш жұмыс күні ішінде порталда адамға лайықты жұмыс табылмаса, онда Электронды еңбек биржасы ол адамды автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркейді. Осылайша адами фактор толығымен жойылады», – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Министрліктің ақпаратынша, еңбек биржасындағы «Жеке кабинетте» қазақстандықтар жұмыс іздеуші немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады және тіркеудің барлық кезеңін қадағалай алады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, ЭЕБ-да тіркеуден өту қажет.

Жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін азаматтар (әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар) жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемге онлайн өтінім жібере алады және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын – жастар практикасын, әлеуметтік жұмыс орындарын, қоғамдық жұмыстарды өз бетінше таңдауға мүмкіндігі бар.

Қазақстандықтар жұмыс іздеп жүрген адам ретінде Электронды еңбек биржасында онлайн тіркелуді мына сілтеме бойынша ала алады.

Жыл басынан бері қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігін 34 мыңнан астам адам пайдаланды. 30 мың азамат жұмыссыз мәртебесін алды.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

admin_mugalzhar

Балалардың қандай жазығы бар?

admin_mugalzhar

МЕДИКИ, НА СТРАЖЕ ЗДОРОВЬЯ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.