«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жол сапалы салынуы керек

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында облыстағы автокөлік жолдарының күтіп ұсталуы мен жол қызметі мәселелері талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері онлайн түрде қатысты.

Жиынға қатысушылар өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, екпе мен жылыту маусымына дайындыққа қатысты өзекті мәселелерді қарады.

Облыс басшысы барлық желілерді түгендеуді, межеленген бағдарламаларды толық жүзеге асыруды және алдағы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырды. Сондай-ақ облыс әкімі екпенің коронавирус инфекциясынан пәрменді қорғану негізі екенін еске салып, алған қарқынды бәсеңдетпеуді тапсырды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Марат Махамбетов автокөлік жолдары жобалануының, құрылысының және қайта құрылымдалуының, ағымдағы, орта және күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижелері мен т.б. туралы баяндады.

Оның айтуынша, облыс арқылы өтіп жатқан республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының желісі 1869 шақырымды құрайды, соның ішінде 303 шақырымдық жол қайта құрылымдалуда, 1566 шақырым жол ағымдағы күтімде және салынуда, ал жолдың 64%-ы жақсы әрі қанағаттанарлық жағдайда, 97 көпір болса, соның 19-ы қайта құрылымдалу аумағында, сонымен қатар 46 демалыс алаңы бар.

«Республикалық маңызы бар 214 шақырымдық Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға апаратын жол) автокөлік жолын қайта салуға 46,8 милиард теңге бөлінсе, биыл 9,22 миллиард теңге игеріледі. Бұл жұмысқа 209 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 224 адам жұмылдырылған. Жұмыс жүріп жатқан жолдар толықтай пайдалануға берілетін болады. Осы жылы сондай-ақ «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға апаратын жол)» автокөлік жолының 11-100 шақырымдық Ақтөбе-Қандыағаш бөлігін құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған болатын. Жұмыстың жалпы құны 62,4 миллиард теңгені құрайтын болады, оған 500 бірлік жол-құрылысы техникасы мен 800 адам жұмылдырылмақ. Жоба мерзімі — 2020-2023 жылдар аралығы», — деді баяндмашы.

Сонымен қатар өңірде бірнеше жол жобасы жүзеге асырылады. Олардың қатарында Орталық-Батыс автокөлік дәлізінің құрылысы да бар. Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар-Қандыағаш дәлізінің жалпы ұзындығы — 1292 шақырым, оның 518 шақырымы Ақтөбе облысының аумағынан өтеді.

Үш учаскеге, оның ішінде Қобда ауылы аумағындағы Ақтөбе-Орал бағытындағы РФ шекарасы (Самараға апаратын жол) – Шымкент (613-625 км) автокөлік жолына, Қарабұтақ-Ұлғайсын аумағындағы РФ шекарасы (Самараға апаратын жол) (990-1025 км) автокөлік жолына, Ақтөбе қаласындағы солтүстік айналма (21-39 км) жолына орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Жұмыс байқау рәсімдері өткізіліп, мердігер мекеме анықталған соң басталады. Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының бойында жолда қызмет көрсететін 109 нысан орналасқан, бес жаңа нысан биыл пайдалануға берілді, сонымен қатар, 46 демалыс алаңы бар.

Облыс әкімі жол сапасына назар аударуды тапсырды.

«Жол мәселесі біздің өңір үшін негізгі мәселелердің бірі болып қала береді. Біздің тарапымыздан осы проблеманы шешу үшін барлық шаралар қабылданып жатыр, алайда бәрі мердігер мекемелер мен жол саласын қадағалап отырған мемлекеттік органдарға байланысты. Ең бастысы —  технологияның сапасы мен сақталуы. Анықталған заңбұзушылықтар мердігер есебінен жойылуға тиіс, ал заңбұзушылыққа жол бергендер жазалануы керек. Біз үшін түпкі нәтиже маңызды: халыққа сапалы салынған жол қажет», — деп түйіндеді жиынды Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰМЫСШЫЛАР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰСТАЗ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар Наурыз мерекесінде қанша күн демалады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.