«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Құлақты мақта таяқшамен шұқуға болмайды – дәрігер

Ресей дәрігерлері құлақты мақта таяқшамен шұғуға қарсы шыға бастады. Айтуынша, құлақ жарғағына таяқша тиіп кетуі мүмкін. Содан ауру пайда болуы ғажап емес. Бұл жайында Газета.ру басылымы жазады.
Көрші елдің отоларинголог Алексей Кошелевтің айтуынша, құлақты тазалап жүрген дұрыс. Бірақ мақта таяқшамен емес. Өйткені оны көбісі қолдана білмейді. Құлақ жарғағын зақымдап алуы мүмкін. Сондықтан құлақты тазалаудың ең оңай жолы – ол саусақ.
«Құлақтың ішкі жағында бұлық қатып қалады. Оны алып тастаған дұрыс. Суға жуынған, душқа не мойыншаға түскен кезде, құлақ іші жұмсарады. Сол сәтте құлаққа саусақты тығып, тазалап жіберу керек. Бұлық та жұмсарып тұрады да, қолға тез ілігеді», — деп кеңес береді доктор.
Кошелевтің айтуынша, құлаққаппен көп жүретін адам жылына бір рет болсын, отоларингологке қаралып, құлағын тексеріп алған жөн. Құлақтың ішінде қатып қалған берішті бес-ақ минутта тазалауға болады.

Ұқсас ақпараттар

Әнші Гауһар Әлімбекованың адвокаты істің мән-жайын айтты

admin_mugalzhar

Акиматам поручено продолжить работу по стабилизации цен на социально значимые товары

admin_mugalzhar

ҰСТАЗ ЖОЛЫ — ҰЛЫ ЖОЛ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.