«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 2022 жылдан бастап балалар игілігінің индексі енгізіледі

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин үкімет отырысында 2022 жылы балалар игілігінің қазақстандық индексін енгізу туралы ұсынысты қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні. Әр баланың балалық шағы бақытты, қамқорлыққа толы болуы керек. Сондықтан 2022 жылы балалар игілігінің қазақстандық индексін енгізуді қамтамасыз ету қажеттігін қолдаймын. Ол халықаралық талаптарды ескере отырып, барлық өмірлік маңызды салалар: қауіпсіздік, денсаулық, білім, материалдық игілік, балаларды әлеуметтендіруді қамтуы тиіс», — деді Асқар Мамин.

Асқар мамин индекстің көмегімен мемлекеттік органдарда балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстың өаншалық нәтижелі атқарылып жатқаны қадағаланытын ескертті.

«Балалардың білім ұйымдарында, көшеде, демалыс кезінде қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет. Мемлекет басшысы тиісті оқу-жаттығу мен түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, төтенше жағдайларда мұғалімдер мен балалардың іс-әрекеті алгоритмін пысықтауды тапсырғанын білесіздер. Осыған байланысты Білім, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау министрліктеріне, өңір әкімдіктеріне білім және мектептен тыс білім объектілерінде тиісті қауіпсіздік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша Жол картасын 2 апта ішінде әзірлеуді тапсырамын», — деді премьер-министр.

Ұқсас ақпараттар

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУДЫҢ ДА СӘНІ КЕТТІ

admin_mugalzhar

АЛТЫНДЫ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

4 АУЫЛҒА ТАЗА АУЫЗ СУ БЕРЕТІН ҰҢҒЫМА ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.