«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«MEDLIFE+» СТОМАТОЛОГИЯСЫ: БАЛАЛАРҒА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ

«Medlife+» стоматологиясы ресми түрде биылғы жылдың 17 мамырында ашылған. Медицина орталығының басшысы Олег Хан бұған дейін қалада гемодиализ (созылмалы бүйрек жетіспеушілігі) орталығын ашқан. Қаламызда балалар стоматологиясының болмауы — «Medlife+» стоматологиясының ашылуының басты себебі. Орталықта 18 жасқа дейінгі балаларға тегін ем көрсетіледі. Ал үлкен кісілерге қызмет көрсету ақылы түрде жүргізіледі. Алғашқы күндері ата-аналар мен балалардың көп болуынан және карантиннің қатаң талаптарына сәйкес науқастар алдын ала жазылу арқылы қабылданған. 3 қызметкері бар стоматология әр аптаның дүйсенбі мен жұма аралығында жұмыс жасайды. Таңғы алтыдан кешкі тоғызға дейін қызмет көрсетіледі.

Р.Нұрғалиева, А.Дүйсенғали

Ұқсас ақпараттар

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді

admin_mugalzhar

75 жылдан соң табылған майдангер

admin_mugalzhar

Қазақстанда халық санағы 2021 жылға шегерілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.