«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2021-2022 оқу жылында қазақстандық оқушылардың күзгі және көктемгі каникул уақыты қысқартылады

ҚР Білім және ғылым министрлігі ашық құқықтық нормативтер порталында 2021-2022 оқу жылындағы мектеп оқушыларының каникулының шарттары көрсетілген бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021 — 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын”, – делінген құжатта.

— 2021 — 2022 оқу жылының басталуы — 2021 жылғы 1 қыркүйек;

— оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда:

  • күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазан  аралығында),
  • қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында),
  • көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында);

1-сыныптарда:

қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

Еске салсақ, өткен оқу жылында мектеп оқушылары күзде 10 күнге, қыста 11 күнге, көктемде 12 күнге демалысқа шығатын. Алдағы оқу жылында демалыс бірнеше күнге қысқартылады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда әдеп кодексінің жаңа жобасы әзірленді

admin_mugalzhar

Көктемгі тасқыннан орталық және жергілікті билік сабақ алу керек — Қ.Тоқаев

admin_mugalzhar

Жолдау тікелей эфирден көрсетіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.