«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҮЙЛЕНУ ОҢАЙ, ҮЙ БОЛУ ҚИЫН

БАЙЫРҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕТІМІН ЖЫЛАТПАҒАН, ЖЕСІРІН ҚАҢҒЫТПАҒАН. ТІПТІ ҚАЗАҚТА АЖЫРАСУ ДЕГЕН ҰҒЫМ ДА БОЛМАҒАН. АЛ БҮГІНДЕ АЖЫРАСУДЫҢ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙҒА АЙНАЛҒАНЫН РЕСМИ ДЕРЕКТЕР ДӘЛЕЛДЕЙДІ… ҚАРАҢЫЗ, ҚАЗАҚСТАН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА НЕКЕНІҢ БҰЗЫЛУЫНАН АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚҚА КІРІП, ӘРБІР ҮШІНШІ ОТБАСЫНЫҢ ШАҢЫРАҒЫ ШАЙҚАЛАТЫН КӨРІНЕДІ. АЛЫСТАН АРБАЛАТПАЙ-АҚ, АУДАННЫҢ КӨРСЕТКІШІНЕ КӨЗ ЖҮГІРТСЕК, БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ 5 АЙЫНДА 114 ОТБАСЫ ШАҢЫРАҚ КӨТЕРІП, 67 (ЖАЛПЫ САНЫ) ЕРЛІЗАЙЫПТЫ АЖЫРАСЫП ҮЛГЕРГЕН. ҚОҒАМДЫ АЛАҢДАТҚАН АЖЫРАСУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІҢ ЖОЛЫ БАР МА? ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЕКІ ЖАҚҚА КЕТУІНІҢ СЕБЕПСАЛДАРЫ ҚАНДАЙ? ОРТАДАҒЫ БАЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ НЕ БОЛМАҚ? ТӨМЕНДЕ ОСЫ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП ІЗДЕП КӨРДІК. СОНЫМЕН…

Түсініспеушілік — ажырасуға себеп

Неке бұзуға қатысты талап арызбен сотқа жүгінген ерлі-зайыптыларға сотмамандары тарапынан заңды көзделген істі қарауға дейінгі мерзім ішінде уақыт беріліп, тыңдауға дейін медиаторларға жүгіну туралы түсіндірме беріледі. Егер ерлі-зайыптылар медиаторға жүгінсе, медиатор медиациялық тәртіп бойынша бітімгершілікпен келісім шығаруға ықпал жасайды. Аудандық соттыңмәліметінесүйенсек, сотқа 2020 жылы 149 неке бұзу туралы азаматтық іс келіп түскен, оның 79-наажырасу туралышешім шығарылса, 39-ы медиативтік келісім негізінде татуласқан. Ал 2021 жылдың 5 айында 73 неке бұзу туралы азаматтық іс түсіп, 43- іне ажырасу туралы шешім шығарылған. Медиативтік келісім негізіндетатуласуынабайланысты18 ерлі-зайыпты отбасын сақтап қалған.

— Сот залына ажырасу үшін түрлі жастағы адамдар келіп жатады. Әрқайсысының себебі әр түрлі. Әсіресе, бір-бірімен қосылмаса болмайтындай, асығыс шешім қабылдаған жастар ұзақ уақыт өтпей «мінезіміз жараспады» деп ажырасады. Тіпті бірбірінің кемшіліктерін тізіп, сот залында ақыл тоқтатпаған жастар секілді жанжалдасып тұратын орта жастағы ерлі-зайыптылардажоқемес. Осындай әрбір шайқалған шаңырақтағы адамдарға қарап отырып, қанағаттың, кешірім сұрау мәдениетінің азайып бара жатқанына қынжыламыз, — дейді Мұғалжар аудандық сотының бас маманы Анар Шекенова.

Ерлі-зайыптылардың екі жаққа кетуіне тұрмыста бір-бірін түсінбеуі, мінездерінің жараспауы, біреуінің ішімдікке салынуы, материалдық жағдайдың нашарлауы себеп болады екен.

5 айда 20 отбасы татуласты

Аудан әкімдігі жанындағы әйелдерістеріжәнеотбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелеріажырасқандардыңүлесін азайту, жас отбасыларды сақтап қалу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда. Шаңырағы шайқалған отбасыларға қайырымдылық және демеушілік көмек беріп, жанжалдарды реттеп, татуластырып, заңды көмек көрсетеді. Соның арқасында 2020 жылы 19 отбасының мәселесі қаралып, оның ішінде 10 отбасының шаңырағы сақталып қалған.

— Комиссия құрамында сөзі өтімді, аузы дуалы аналарымыз, қоғамдық кеңес мүшелері, мектептің әлеуметтік педагогтары, кәсіпкерлер, кәсіби-медиаторлар бар. Олар аудандық полиция бөлімінен түскен ақпараттар негізінде арызданушылардың үйжайларына барып, олармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Бір күннің ішінде отбасылық мәселелерін қарап, шешіп тастап, татуластыру мүмкін емес. Сол себепті кейбір отбасылардағы мәселелерді шешуге, көмектесуге 1-2 апта немесе бірнеше ай кетіп жатады. Кейбір отбасындағымәселелертек қана ерлі-зайыптыға ғана қатысты емес, жақын туыстары, ата-ене, бауырлар арасында да болып жатады, — дейді комиссия хатшысы Ақзира Мейірбекова.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 5 айының өзінде комиссияда 33 отбасының мәселесі қаралған. Оның ішінде 20 отбасы татуластырылып, некесі сақталған. Бұл мәліметтерге қарап отырып, өткенжылмен салыстырғанда туындаған мәселеге қарамастан шаңырағын сақтап қалуға ниеттілердің көбейгенін аңғаруға болады. Ал Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің жүргізген зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, отбасы аясында жасалатын оқиғалар мен қылмыстар тұрмыстық мекенжайларында орын алатын көрінеді. Әсіресе, басым көпшілігі түн мезгілінде, әйелдерге және басқа да отбасы мүшелеріне қарсы ішімдік ішуге бейім және жұмыссыз немесе ара-тұра табыс табатын тұлғалар тарапынан жасалады.

Үйдегі үйлесім әйелден…

Ембі қалалық аналар кеңесінің төрайымы, медиатор Нүрия Тәжіғарина ажырасудың себебін адами құндылықтардың өзгеруінен, соның ішінде қазақилық тәрбиеміздің кемшін тартуынан іздейді. Ол ұзақ жыл ағарту саласында еңбек етіп, құрметті зейнеткерлікке шыққаннан кейін медиация саласынабетбұрып, өмірден түйгенімен көргенін жастарға үйретіп, ақыл-кеңесін беріп келеді. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде Ембі қаласы бойынша ажырасуға арыз берген ерлі зайыптылардың барлығы дерлік ымыраға келіп, шаңырақтары шайқалмай, сақталып қалған.

— 2016 жылдан бері ажыраспақшы болған адамдармен жұмыс жасап келемін. Осы уақыт аралығында ажырасудың бірінші себебі — жастар отбасының жауапкершілігін түсінбей, «үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөздің түп төркініне бара бермейтіндігінде. Олар бір-біріне кешірімді болып, түсіністік танытпайды. Ал екінші себебі әйел адамдардың ер адамға құрмет көрсетпей, өзін олармен тең ұстауынан деп ойлаймын. Әйелдер ер адамның сөзіне үнемі қарсы шығып, ымырашылдыққа келе алмаса, отбасының ойран болатыны анық. Әйел адам бірінші балалары мен отбасының бірлігін ойлауы керек. Мен үнемі алдыма келген отбасыларға Төле бидің «жолы болған пайдағажолығады, сөз қуған бәлеге жолығады» деген даналығын үнемі айтып отырамын. Қазақтың «алтын басты әйелден, бақа басты еркек артық» деген сөзінде үлкен философиялық ой жатыр. Бізді аналарымыз «ер азаматыңның жағасы ешқашан кірлемесін» деп тәрбиеледі. Мен де келін болдым, ата-ана бақтым, азаматымныңжағдайын жасадым, — дейді ол.

Басшылық қызметте жүрсе де, үйде әйел мен ана екенің ешқашан естен шығармаған Нұрия апай әйел адамның өмірдегі бірінші миссиясы — үйдегі үйлесімділікті жарастыра білу екенін айтты.

Жақсы ене жақсылықты асырады

«Келіні жақсының керегесі алтын» дейді қазақ. Бүгінде үш келін түсіріп, бір отбасының үлкен анасына айналған қандыағаштық Баян апайдың келіндерімен сыйластығы елге үлгі боларлықтай. Келіндеріне үнемі отбасы құндылықтарын айтып, тәлім-тәрбие беріп отырады. Үйдің үлкен келіні Виктория орыс ұлтынан болса да, салт-дәстүрді берік ұстанып, сәлем салады.

— Мен үнемі келіндеріммен ашық сөйлесіп, жақсы нәрселерге бағыттаймын. Үйде орын алған жағдайдың сыртқа шықпауын, сырттан әңгіме тасымауын айтып отырамын. Шама келсе оларды мақтап, жаманын жасырып, жақсысын асыруға тырысамын. Әйел отағасын, ері отанасын сыйласа, бір-біріне кішіпейілдік пен құрмет көрсетсе, отбасында береке орнайтынын айтамын. Әйел адам үйдің берекесін келтіріп, ер азамат сол отбасы мүшелерінің материалдық жағдайын жасап, отбасы құндылығын биік қойса, ажырасу мәселесі көтерілмес еді. Бұрын тұрмыс құрған қыз-келіншектер төркініне қайтып келсе, әке мен шеше жерге кіретін тесік таппайтын. Ал бүгінде ұзатылған қызына «тастай батып, судай сің» деп кеңес беретін аналардың қатары аз. «Ішіме сыйған қыз сыртыма да сыяды» дегенді жалау етіп, тұрмыстың түрлі сынына төзбеген қызын ажырастыруға дайын аналар көбейіп барады. Бұл ащы болса да шындық. Ажырасу ардың емес, бардың ісі болып бара жатқанға ұқсайды, — дейді Баян Бақытжанова.

Талақ — Алланың жек көретін халал ісі

Ал «Нұртай» мешітінің имамы Асемхан Ерғазиннің айтуынша, ажырасу ерлі-зайыптылардың шариғат бойынша өз міндеттерін орындамауынан туындайтын көрінеді. Әйелдің басты міндеті – күйеуіне бағыну, рұқсатсыз сыртқа шықпау, ерінің жағдайын жасап, қас-қабағына қарау. Ал ерлердің міндеті — отбасынматериалдық, моральдық тұрғыда толыққанды қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі қоғамда ерлер мен әйелдердің міндеттері ауысып, сыныққа сылтау іздеп тұратын жұбайлар ажырасып кетіп жатыр.

— Дінімізде мінездері жараспаған жұптарға ажырасуға рұқсат берілген. Дегенмен рұқсат бар деп болмашы нәрсеге бола ажыраса беруге болмайды. Қоғамның негізі — жанұя. Жанұясыз ешбір қоғамды елестету мүмкін емес. Әке мен шеше — жанұяның қос қазығы. Ал бала оның — келешегі. Қос қазықтыңбіреуі суырылса, отаужарымжартыболып, балажетімқалмақ. Исламда жанұя түсінігінің үлкен орынға ие екендігі «Неке (үйлену) — менің сүннетім. Кім менің сүннетімнен бас тартса, ол менен емес» деген Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздың хадисінен-ақ байқауға болады. Ал енді ажырасу Исламда «талақ» деп аталады. Сөздікте бір нәрсені босату, жібере салу дегенді білдіретін «талақ» сөзі Ислам шариғаты терминологиясында күйеудің аузынан шыққан немесе әйелдің сұранысымен қазы айтқан, ажырасуды ашық немесе астарлы түрде бейнелейтін белгілі бір сөздермен ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық байланысты үзу дегенге саяды. «Талақ — Аллаһ Тағалажек көретін халал іс» деген қағидатты да естен шығармағанымыз жөн. Талақ сөзін ойнап айтқан адамның әйелі талақ болатындығына бір ауыздан келіскен. Сондықтан кез келген мұсылман адам бұл мәселеде өте абай болуы керек, — деді имам.

Ажырасу — балаға психологиялық соққы

Бүгінде ажырасқандардың 90 пайызының ортада балалары бар. Ажырасушылардың дені баланың тағдырын таразыға салудан тартынбайды. Психологиялық зерделеудің нәтижесі ата-аналары ажырасқан балалардың басымының өмірге ашу-ызасы басым болатынын көрсетеді. «Ата-ананың мейіріміне қанып өспеген баланың шынында кемшілігі көрініп тұрады», — дейді Қандыағаш қалалық №2 мектебінің психологі Света Жәнібекова.

— Ажырасу процесінің қандай жағынан болса да отбасы мүшелерінің бәріне оңай соқпайтыны анық. Бұл мәселеде ана да, әке де, әсіресе, бала өте ауыр психологиялық соққы алады. Бала үшін барлығы қараңғы түнекке ұқсап, үнемі өзін оқшау ұстап, үлкен күйзеліске ұшырап, өз-өзіне деген сенімсіздігі пайда болады. Ажырасу — еш кінәсі жоқ бала үшін соншалықты ауыр. Баланың қалыптасып келе жатқан сана сезімі, жан жүрегі, ойлау жүйесі бұзылады. Көп жағдайда балалар отбасылық мәселелерін жасырып жүреді. Дегенмен балалардан психологиялық тест алу барысында, олардың берген жауаптарына қарап отырып-ақ, отбасылық жағдайының дұрыс еместігін аңғарып, олармен ашық сөйлесуге тырысамыз, — дейді ол.

P.S. Ажырасудың — қоғам дертіне айналғаны анық. Өйткені «ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтын» отбасының мәселесін шешудің жолын қарастырудан көрі, ажырасуды оңайлау көретіндердің көбейгені рас. Осындайда өзгенің отбасы үшін шыр-пыр болып, ақылын айтып, кеңесін беріп, қолдау көрсетіпжүргенжандардың бары да қуантады, әрине. «Ашу — дұшпан, ақыл — дос» демекші, ашумен жасалған істің кесірінен шаңырақты шайқалтпай, ақылға шақырғандардың дегеніне ден қойып, өзіміз таңдаған жартымызды бағалап, отбасылық құндылықты қадірлесек, қанекей…

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Өзге елдегі Наурыз мейрамы

admin_mugalzhar

Қазақстанда халық санағын жүргізудің негізгі фактілері қандай

admin_mugalzhar

Омикрон штамын жеңдік – Денсаулық сақтау министрі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.