«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ең ұзақ өмір сүрудің маңызды құпиясы ашылды

Дәрігер Александр Мясников ұзақ өмір сүрудің ең тиімді әрі оңай тәсілін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Риа Новостидің жазуынша, сарапшы спорттық жаттығулар адамға кез келген жаста қажет екенін атап өтті. Онкология сынды ауыр сырқаты барлар да үнемі жаттығуға мән беруі керек.

«Қатерлі ісік диагнозы қойылған науқас төсек тартып жатса да, жаттығу жасағаны жөн. Сол кезде біршама ұзақ өмір сүретін болады», — дейді дәрігер.

Мясников бұл үшін фитнес-клубтарға абонемент сатып алып, көп қаражат жұмсау міндетті емес деп отыр.

«Лифттен бас тартыңыз! Бір жерге бару керек болса, жаяу жүріңіз! Күніне кем дегенде 5 шақырым жаяу жүрген абзал. Отырғаннан гөрі көбірек тұруға тырысу керек», — деп кеңес берді маман.

Ұқсас ақпараттар

Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға көмек көрсету басты назарда

admin_mugalzhar

«10 немесе 200 мың теңгемен». Ел ішіндегі саяхатқа 10 кеңес

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі қызметіне үміткерлердің сайлауалды бағдарламалары

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.