Бүгінгі таңда ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын Сағашилі ауылының кіреберіс жолы жөнделуде. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі мамандарының берген мәліметі бойынша, орташа жөндеу жұмыстарына 113 млн 600 мың теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарын «ТенгриСтройИнвест» ЖШС-і жүргізуде. Бүгінде аталған компания өкілдері арнайы техникаларын орналастырып, жұмысшылардың жатын орнын қарастыруда. Құрылыс жұмыстарына қажетті материалдары мен ұсақ қиыршық тастар төгіліп жатыр.
А.ДАРХАНҚЫЗЫ