«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Мұғалжар ауданы бойынша 9-13 тамыз аралығында облыстық «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ісшаралар өткізілетін болады. Осыған орай аудан әкімдігінде аудан әкімі Асқар Шерияздановтың төрағалығымен жиын өтті.

Жиынға Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Ә.Тұралиев, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы С.Еншібайұлы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары, қалалық, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және аудандағы мешіттердің имамдары қатысты. «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында облыстық дін істері басқармасы мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары қалалық және ауылдық округтерде экстремизм мен терроризмнің алдын-алу, жат ағымдардың жетегінде кетуден сақтану жолдарын түсіндіру бойынша тұрғындармен кездесулер өткізетін болады.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Өңірде су тасқынына қарсы жедел штаб жұмысын бастады

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов: Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды

admin_mugalzhar

Алматы облысы екіге бөлінеді — Қапшағайдың аты өзгертіліп, облыс орталығына айналады

admin_mugalzhar