«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Облыс әкімінің білім гранттарының иегерлері анықталды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен арнайы комиссияның отырысында  2021-2022 оқу жылының облыстық білім гранттарының алғашқы иегерлері анықталды.

Алдағы оқу жылына бакалавриат бағдарламалары бойынша 51 маман және резидентура бағдарламаларымен облыстағы ең тапшы мамандықтар бойынша 29 маман даярлауға 80 облыстық грант бөлінген. Атап айтқанда, гранттар математика, физика, химия пәні мен бастауыш сынып мұғалімдерін, медицина мамандарын, агрономдарды, ақпараттық технологиялар, спорт және мәдениет саласындағы мамандарды даярлауға бағытталады.

20 тамызда комиссия мүшелері бакалавриатқа түсетін грант иегерлерінің тізімін жасады. 25 тамызда резидентуралық грант иегерлерінің есімдері белгілі болады.

— Грант иегерлерінің әрқайсысымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Барлығы оқуды аяқтағаннан кейін кемінде бес жыл Ақтөбе облысында жұмыс істейтінін анық түсінуі керек. Біз сол үшін олардың оқуын қаржыландырамыз, тапшы кадрларды даярлаймыз, —  деп баса айтқан Оңдасын Оразалин грант иегерлерінің үлгеріміне қатысты мәселелерді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Еске салайық, облыс әкімінің гранттары 2018 жылдан бері беріліп келеді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙСАР ЖАНДАР СЫНҒА ТҮСТІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда интернеттің әлсіздігіне байланысты онлайн сабақ болмайды

admin_mugalzhar

ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖАСТАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.