«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды. Бұл тәуелсіздік алғалы бері үшінші рет өткізілгелі отырған халық санағы, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1 қыркүйектен 15 қазанға дейін халық санағынан онлайн түрде sanaq.gov.kz сайтынан өтуге болады. Сайт тәулік бойы жұмыс істейді», — дейді Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.

Онлайн санақтан өтпегендер үшін 1-30 қазан аралығында үйлерді аралап, санақ жүргізу басталады. Дәстүрлі кезеңнің басты жаңалығы санақ жүргізетін қызметкерлер электрон планшеттерді қолдануы болмақ.

Халық санағы 91 сұрақтан тұрады. Алайда, бұл барлық сұраққа жауап беру керек дегенді білдірмейді. Өйткені сауалнамаларда шетелге кеткен немесе елге келген адамдарға арналған сұрақтар бар. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің жай-күйі туралы сұрақтар бар, оларға тек иелері ғана жауап береді. Сонымен қатар, тек әйелдерге арналған сұрақтар да бар. Орташа алғанда, санақ сұрақтарына жауап беру үшін 20-25 минут қажет.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері анықталды

admin_mugalzhar

«Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2021» жобасына өтінім қабылдау басталды

admin_mugalzhar

Биыл қандай мамандықтарға көп грант бөлінді? – министрлік жауап берді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.