«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл көмір бағасы қанша болады

Елімізде көмір бағасы өңірлерге байланысты тоннасына 5 мыңнан 19 мың теңгеге дейін ауытқиды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көмір бағасы нарықтық қатынаста қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейтінін айта кету қажет. Әкімдіктердің ақпараты бойынша өңірлердегі көмірдің құны тоннасына 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін өзгереді. Бұл ең алдымен көмірдің маркасына, өндіру шығындары мен жеткізу қашықтығына байланысты», — деді министр. Оның атап өтуінше, алдағы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық және тұрғындар үшін қажетті көмір көлемі шамамен 9,2 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға — 2,8 млн тонна, халыққа 6,4 млн тонна көмір қажет.

 

 

Ұқсас ақпараттар

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ 10 ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМА МЕН ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП ЖАТЫР

admin_mugalzhar

МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Коронавирус: Әлемде індеттен жазылған адамдар саны 200 мыңнан асты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.