«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШАҒЫН АУДАНДАРҒА ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР ТАРТЫЛУДА

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қандыағаш қаласында бой көтерген «Самал» және «Нұрлы көш» шағын аудандарын инженерлік желілермен қамтамасыз ету мақсатында бес жоба жүзеге асырылуда.

«Самал» шағын ауданындағы 10-кварталындағы жеке тұрғын үйлерге су желісін тарту жұмыстарының жалпы сомасы 285,0 млн теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 185,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 34,0 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Алтын Айдарлы» ЖШС-і жүргізді. Бүгінде 193,0 млн теңге толықтай игеріліп, 620 учаске ауыз сумен қамтылған. Ал «Самал» мөлтек ауданы 9- 10-кварталдардағы жеке тұрғын үйлерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 320,5 млн теңге бөлінген. Оның 35,6 млн теңгесі облыстық бюджетке тиесілі. Газ құбырының жалпы ұзындығы 29 870 метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын «StroyGazCompany» ЖШС-і жүргізеді. Нысан толығымен аяқталғаннан кейін 1 462 тұрғын үй учаскесі газбен қамтылады. Аталған жер учаскелеріне электр желісін тарту жұмыстарын «Интер Электро Комплект» ЖШС-і жүргізеді. Құрылыс монтаждау жұмыстарының құны — 288 млн теңге. Көшелерге 790 дана бағана орнатылып, 355 жарық шамдар қойылады.

— Жүзеге асырылып жатқан жобалардың бірі — «Нұрлы Көш» мөлтек ауданындағы жеке тұрғын үйлерді екінші кезең бойынша электр желісімен қамту. Аталған жобаға республикалық бюджеттен 58,1 млн теңге, облыстық бюджеттен 39,8 млн теңге қаражат бөлінді. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме «Энергомера» ЖШС-нің жұмысшылары «Нұрлы көш» мөлтек ауданындағы 171 учаскеге 424 бағана, 217 жарық шамдарын қоятын болады, — деді аудандық сәулет және қала құрылысы, құрылыс бөлімінің басшысы Асан Садықов.

Сонымен бірге «Нұрлы көш» шағын ауданындағы жаңа жеке тұрғын үйлерге су желілерін салуға республикалық бюджеттен 161,5 млн теңге, облыстық бюджеттен 18,0 млн теңге бөлінген. Ауыз су құбырларынан су таратқыш желілерінің қашықтығы 7844,30 метрді құрайды. Құрылыс монтаждау жұмыстарын «Дәнекер» ЖШС-і жүргізуде.

Н.ІЗБАСҚАН

Ұқсас ақпараттар

В АВТОБУСЕ ЗАМКНУЛА ПРОВОДКА

admin_mugalzhar

БҰРАЛҚЫ ИТ – ҚАУІПТІ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫС ТОБЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.