«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 2022 жылғы зейнетақы мен ең төменгі жалақының мөлшері аталды

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы талқылауға шығарылды. Онда 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшері белгіленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірмесінде өзгеріске ең төменгі жалақы мөлшерінің 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге артуы себеп болғаны жазылған.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:   

  • жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес айыппұл санкциялары, салық және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлем мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн, деп жазылған құжатта.

Заң жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. 6 қазанға дейін талқыланады.

Ұқсас ақпараттар

«TALPYN» ЖОБАСЫ – ЕМБІДЕ

admin_mugalzhar

Ж.Қалмағанбетов: «Балиғат жасқа толмаған қыз балаға орамал парыз емес»

admin_mugalzhar

Дала заңын жаңғырту — бәрімізге ортақ іс

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.