«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Балаева журналистердің офлайн-формат жұмыс тәсіліне оралу жайын қозғады

ASTANA MEDIA WEEK алаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистердің баспасөз мәслихаттары мен мемлекеттік органдар ғимараттарына өздерінің неге кіргізілмейтіндігі туралы сынына жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Жаһандық пандемия экономиканың барлық салаларына ғана емес, сонымен қатар біздің күнделікті өмірімізге де әсер еткен бетбұрыстармен бетпе-бет келуімізге әкеліп соқты. Ақпараттық технологиялардың бизнесте және білім беруде қолдану жылдамдығы мен ауқымы айтарлықтай өсті. Әрқайсымыз күнделікті үйреншікті әдеттеріміз бен ұстанымдарымызды өзгерткен жаңа бейтаныс шындыққа тап болдық. Мүмкін, бұл жаңа шынайы өмірдің артықшылығы да шығар, яғни күнделікті оқиғаларға онлайн қатысу мүмкіндігін айтамын, — деді АҚДМ басшысы.

Оның айтуынша, осындай жағдайда да бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артып келеді.

Министрлік журналистер жұмысындағы кез келген кедергілерді жоюды және олардың кәсіби қызметіне қолдау көрсетуді басты міндет деп санайды … Біз баспасөз конференцияларына және мемлекеттік органдар ғимараттарына журналистерді кіргізу-кіргізбеуге қатысты министрлікке және менің өзіме жекелей айтылып жататын сынды естіп-біліп отырмыз. Біз бұл мәселелерге бей-жай қарап отыра алмаймыз және журналистерге таныс офлайн-форматқа оралуға бар күшімізді саламыз деп сендіргім келеді, — деді Балаева.

Ұқсас ақпараттар

Более 200 жителей области лечатся от пневмонии

admin_mugalzhar

ОГНЕБОРЦЫ ПРЕДОТВРАТИЛИ РАСПРОСТРАНЕНИЕ ОГНЯ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.