«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСТАРҒА ЖОЛДАУ ТҮСІНДІРІЛДІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық топ мүшелері Қандыағаш қаласындағы арнаулы оқу орындарында болып, студенттермен кездесті.

Шара барысында мемлекеттік қызметтің зейнеткері Амангелді Шунимов Жолдауда айтылған 7 міндеттің барлығына жеке-жеке тоқтала отырып, бағытын айқындап көрсетті. Ал аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы Төлеулі Махимов Жолдаудың нақтыланған маңызды басымдықтарын түсіндіріп берді. Сонымен қатар ішкі саясат бөлімінің маманы Балгерім Боранқұлова студенттерге Жолдауға қатысты сұрақтар қойып, олармен пікір алмасты. Студенттер де өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, толғандырған сауалдарына нақты жауап алды.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar

Студенттермен жолдау талқыланды

admin_mugalzhar

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar