«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДӘСТҮРЛІ САНАҚ БАСТАЛДЫ

1 қазан күні дәстүрлі форматтағы халық санағы басталды. Аудан бойынша халық санағы кезінде 76 сұхбатшы мен оларды бақылайтын 11 нұсқаушы-бақылаушы жұмыс жасауда. Еліміз тәуелсіздік алғалы халық санағы 3-ші мәрте өткізілуде. Аталған санаққа онлайн санақтан өтпегендер қатыса алады.

Биылғы санақтың басты жаңашылдықтарының бірі – санақтың дәстүрлі және онлайн форматта өтуі болды. 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн режимде өздігінен сауалнама парақтарын толтыру мүмкіндігі болады. Одан басқа, Egov платформасында электрондық цифрлық қолтаңбасы және Aitu мобильді қосымшасы арқылы, sanaq.gov.kz сайты арқылы санақтан өтуге болады. Sanaq.gov.kz жүйесі тәулігіне 24 сағат қолжетімді болады. Дәстүрлі санақтың бір ерекшелігі – сұхбатшылардың электронды планшеттерді пайдалануы, заманауи цифрлық технологияның енуі мен үрдістердің автоматтануы. Халық арасындағы сауалнама жүргізетін сұхбатшыларда жеке басын куәландыратын құжат пен бейдждің болуы, суреті, аты-жөні, берілген күні, қолдану мерзімі аумақтық статистика органының қолымен және мөрімен растал-ған болуы керек. Сонымен қатар халық санағы белгісі бар көк түсті шарф пен портфель болуы қажет.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

АППАРАТТЫҚ ЖИЫНДА БІРНЕШЕ МӘСЕЛЕ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

РАБОЧАЯ ГРУППА ОЗНАКОМИЛАСЬ С БУДНЯМИ МУГАЛЖАРЦЕВ

admin_mugalzhar

МАҚСАТ — КЕЛІССӨЗГЕ КЕЛУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.