«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АТЫМТАЙ ЖОМАРТТЫҢ МЕКТЕПКЕ КӨМЕГІ

7 қазан Ембі қалалық №7 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше күн болды. Атын атамауды өтінген ембілік азамат өзі оқыған мектепке үлкен сый жасады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті шамалы, ең бастысы, мейірімді жүрек пен таза ниет болса болғаны.

Аталған мектепті 2009-2010 жылы бітірген атымтай жомарт өзінің сүйікті ұстазы Ержанов Молдабай Ордабайұлының атынан физика кабинетін ашып берді. Сонымен қатар өзіне сабақ берген екі мұғалімге 50 000 теңгеден, бес мұғалімге 20 000 теңгеден ақшалай сыйақы табыстаған. Одан бөлек, мектептің алты оқушысына 1 жылға ай сайынғы 20000-дық шәкіртақы табысталған. Сонымен қатар осы көлемдегі шәкіртақыға Ембі қаласындағы №1, №2, №3, №4 орта мектептерде оқитын 4 оқушы ие болған.

Қайырымдылық керуені Ақкемер ауылдық мәдениет үйінде жалғасты. «Жан жылуы» деп аталатын қайырымдылық шарасы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналды. Атаулы шараға ауылдың барлық кәсіпкерлері атсалысып, қайырымды іс жасап, қамкөңіл жандарға сыйлықтар табыстады. Шара барысында мәдениет үйінің өнерпаздары мен ауыл жастары ән мен жырдан шашу шашып, көңілдерін көтерді.

А.ДАРХАН

Ұқсас ақпараттар

АҚТӨБЕДЕ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ҚОР ҚҰРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

АУЫЛ ЖОЛЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Билл Гейтс назвал дату окончания пандемии при самом лучшем исходе

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.