«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1499 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Соңғы күндері ауданның эпидемиялогиялық ахуалы тұрақталып келеді. Өткен аптаның көрсеткіші бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны — 27 адам. Ал вирусты пневмонияға 5 адам шалдыққан. Үй карантинінде қоңырау шалу арқылы 276 адам бақылауда отыр.

2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мұғалжар ауданы бойынша коронавирусты инфекцияның 1499 жағдайы тіркелді. Бүгінде Мұғалжар ауданы бойынша инфекциялық бөлімдерде коронавирусты инфекциясы диагнозымен 16 науқас, коронавирусты пневмония диагнозымен 4 науқас ем қабылдап жатыр. Осы жылы қауіпті індеттің қармағына іліккен 20 адам көз жұмды.

Ұқсас ақпараттар

СӘКЕН АЛДАШБАЕВ: САЛТ-ДӘСТҮР МЕН ЫРЫМ-ТЫЙЫМНЫҢ АРА-ЖІГІН АЖЫРАТА БІЛУ ҚАЖЕТ

admin_mugalzhar

Фтизиопульмонология орталығында 197 адам ем алып жатыр

admin_mugalzhar

Қазақстанда электрокөлікпен алыс сапарға шығу қаншалықты орынды әрі қауіпсіз?

admin_mugalzhar