«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШЕҢГЕЛШИ АУЫЛЫНА СУ ТАРТЫЛУДА

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН БАРЛЫҚ АУЫЛ АЙМАҚТЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ТАПСЫРМА БЕРГЕН БОЛАТЫН. ОСЫҒАН ОРАЙ «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚҰМЖАРҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ШЕҢГЕЛШИ АУЫЛЫНА ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

Ауыз су қоры Батпақкөл ауылдық округінің орталығы Жағабұлақ ауылынан тартылады. Су тарту жұмыстарын «СМУ Шығыс» ЖШС-і өз мойнына алған. Дегенмен құрылыс жұмыстарын қосалқы мердігер мекеме «ЭлитСтройСервисАктобе» ЖШС-гі жүргізуде.

Ауыл әкімі Серғали Мамытовтың айтуынша, Шеңгелши мен Жағабұлақ ауылының арасындағы 8,5 шақырым жер қазылуда. Биыл басталған құрылыс жұмыстары ауыспалы кезеңмен 2022 жылы аяқталады. Осы уақытқа дейін қазылған құдықтан су ішіп келген шеңгелшилік 487 тұрғын алдағы уақытта ауыз суды құбыр ар-қылы пайдаланатын болады.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтардың орташа жалақысы аталды

admin_mugalzhar

Как открыть счет для добровольных пенсионных взносов

admin_mugalzhar

АҚТӨБЕДЕ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА «ПРОКУРОР КАБИНЕТІ» АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.