«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АСЫЛ ДӘРІГЕР» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті.
Алқа отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Хамбаров, басқарма басшысы Р.Исаев, денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Қ.Сабыр қатысты.

Отырыс барысында 2021 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нысаналы индикаторларын орындау бойынша және аудан тұрғындарын вакцинация мен тұмауға қарсы екпе алу жұмыстарын қарқынды ұйымдастырғаны үшін Мұғалжар аудандық ауруханасы мен Ембі аудандық ауруханасы үздік деп танылды.

Алқа отырысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Хамбаров Мұғалжар аудандық ауруханасының бас дәрігері Мейіржан Кенжебаевты облыс әкімінің атынан «Асыл дәрігер» медалімен және Алғыс хатпен марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

2022 жылы 6,7 млн қазақстандықтың табысы өседі

admin_mugalzhar

«Эйр Астана» халықаралық әуерейстер санын қысқартады

admin_mugalzhar

По 2 млн тенге получат ветераны ВОВ в Актюбинской области

admin_mugalzhar