«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Экология министрі Қазақстанның ауасы ең лас 10 қаласын атады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанның ауасы ең лас 10 қаласын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар –ауаның ластануы, жерүсті сулары және қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің нашарлығы.

«Атмосфералық ауа мониторингіне сәйкес 45 өнеркәсіптік қаланың ішінде 10 қала атмосфералық ауа ластануының жоғары ластану деңгейіне жатады. Бұл — Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары», — деді Брекешев үкімет отырысында.

Айтуынша, жоғары ластануға жабдықтардың тозуы, зауыттардағы шаң тазарту қондырғылары жұмысының тиімсіздігі, жаңғырту мен қайта құрудың жоқтығы, көмірді пайдалану себеп болып отыр.

Министр жерүсті сулары ластануының негізгі себебі кәріздік-тазарту құрылыс жайларының тозуы екенін атап өтті.

Сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдық полигондарының санитарлық және экологиялық талаптарға сай келмеуі, оларды өңдеу деңгейінің төмендігі және стихиялық үйінділер өте өзекті проблемаға айналды.

Ұқсас ақпараттар

СИТУАЦИЯ С КОРОНАВИРУСОМ В ЦИФРАХ И ФАКТАХ

admin_mugalzhar

Қазақстанда қай мамандықтарды бітіргендер ең жоғары жалақы алады

admin_mugalzhar

Головкиннің келесі жекпе-жегі нақты қашан өтетіні белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.